Вакцина алған адамдардың денесінен наночиптер табылғаны туралы ақпарат қызу талқылануда

Вакцина алған адамдардың денесінен наночиптер табылғаны туралы ақпарат қызу талқылануда

Вакцина алған адамдардың денесінен наночиптер табылғаны туралы ақпарат қызу талқылануда
ашық дереккөзі
50225
Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакцина алған адамдардың денесінен наночиптер табылғаны туралы хабарлама тарады. Неміс патологоанатомдары осындай жаңалық ашып, бұл туралы 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Ройтлинген қаласында Патология институтында өткен конференцияда мәлімдеген екен. Бұл жалған, деп хабарлайды stopfake.kz. Профессорлар Арне Буркхардт пен Уолтер Лэнг КВИ қарсы вакцина алған қайтыс болған адамдардың тіндеріне талдау жасаған. Олар марқұмдардың денесінен сырттай «микроскопиялық электронды чиптерге» ұқсайтын «вакцинаның жарияланбаған компоненттерін» анықтаған. Бұл туралы хабарламаларды Correctiv неміс басылымының фактчекерлері жоққа шығарды. Басылымның хабарлауынша, екі профессор да қазіргі уақытта зейнетке шыққан және клиникалық практикамен айналыспайды. Сонымен қатар, докторлар «Дәрі-дәрмек және ғалымдар денсаулық, бостандық және демократия үшін» (MWGFD) ұйымына мүше болып табылады. Былтыр тамыз айында олар Германия азаматтарына бетперде тағуға медициналық қарсы көрсетілімдер туралы жалған анықтама алуға көмектескен.    width= width= Конференцияның тағы бір қатысушысы – Сухарит Бхакди бұған дейін COVID-19 пандемиясы, медициналық маскалар мен вакциналардың зияны туралы ғылымға қарсы және жалған теориялар таратқан. Неміс патологтар қоғамы (DGP) Конференция туралы жарияланымдарға жауап ретінде «DGP әлеуметтік желілерде жақында жарияланған зейнетке шыққан екі патологоанатом мен инженер-электрик бастамашы болған «COVID-19 қарсы вакцинациядан кейінгі өлім себептері» тақырыбындағы пресс-конференция бейнесіне қатысы жоқ» деп мәлімде жасады. Бұл біздің мамандандырылған қоғамның ұстанымы емес, жеке адамның пікірі. Басқа сыни пікірлерде айтылғандай, ұсынылған мәліметтер ғылыми негізделмеген. Конференция барысында Буркхардт өзінің де, Лангтың да марқұмдарды ашып тексермегенін, тек басқа мамандар ұсынған ақпаратты жинағанын жеткізді.  Бұл ретте шараға қатысқандар зерттелген үлгілердің қайдан алынғаны және олардың қандай тәсілмен зерттелгеніне нақты түсінік бермейді. Конференцияда қайтыс болған адамдарды вакцинациялау мәртебесін растайтын құжаттар ұсынылмаған. «Профессор Буркхардт пен профессор Лангтың видеода айтқан пікірлері, біздің білуімізше, ғылыми негізделмеген де, түсініктеме беруге лайықты форматта да қолжетімсіз», – деді неміс патологтары Федералды қауымдастығының (BDP) өкілдері Correctiv басылымына. Ульмдегі Бундесвер ауруханасының докторы Конрад Штайнестель конференцияда ұсынылған адамдардың денесінен наночиптердің табылғандығын дәлелдейтін суреттерге түсініктеме берді. Штайнестельдің айтуынша, фотосуреттерде жай шаң мен тоқыма талшықтары көрсетілген. Бұған дәлел ретінде ол микроскоп астында түсірілген шаң препараттардың бірнеше суретін жариялады, олар конференция барысында патологтар көрсеткен суреттерге қатты ұқсайды.

Серіктес жаңалықтары