сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Грузияның қамауға алынған экс-президенті Михаил Саакашвили аштық жариялады

ашық дереккөзі
Грузияның қамауға алынған экс-президенті Михаил Саакашвили аштық жариялады Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Тбилисиде қамауға алынған соң аштық жариялады.  Бұл туралы 1 қазанда грузиялық омбудсмен Нино Ломджария хабарлады. «Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және өзін саяси тұтқын санайтынын білдіріп аштық жариялады» дейді Нино Ломджария. Сондай-ақ, Ломджарияның айтуынша, Михаил Саакашвили Украинаның консулымен кездесуді талап етуде. Грузияның экс-президенті жұма күні Тбилиси қаласындағы пәтерлерінің бірінде ұсталып, қамауға алынды.
Бөлісу: