Қызымның Қазақстан атынан өнер көрсеткеніне өкінемін, немерелерімнің тек Ресей атынан шыққанын қалаймын - Элизабет Тұрсынбаеваның анасы

ашық дереккөзі
50212
Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтаналиева қызының Қазақстан атынан шыққаны үлкен қателік болды деп есептейді. Элизабет жақында жарақатына байланысты спортпен қоштасқан болатын. Енді немерелері мәнерлеп сырғанауға баратын болса, Ресейдің атынан шығуға кеңес беретінін айтты "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында.
«Жолдасым екеуміз қызымыздың Қазақстан атынан жарыстарға шыққаны жеңісті жақындата түседі деп ойладық. Бірақ бұл шешім үшін қазір қатты өкінемін. Біз мәнерлеп сырғанау спорты жоқ ел атынан өнер көрсетудің қаншалықты қиын екенін ойламаппыз. Сенің еліңді әлемдік аренада мәнерлеп сырғанаушы ел ретінде мойындамаса, тіпті тозақ қой. Өзінің не төрешілері, техникалық бақылаушылары, не ешқандай қолдау жоқ.  Кейбір елдерде жүздеген жылдар бойы көшбасшы болуға негіз қаланады, жеңіске барлық жағдай жасалады. Олар төрешілермен тығыз жұмыс жүргізіп, өздерінің спортшыларына зор қолдау көрсетеді. Үлкен спорт – үлкен саясат. Біз мұны кеш ұқтық. Енді менің немерелерім мәнерлеп сырғанау спортына баратын болса, мен олардың тек Ресейдің атынан шыққанын қалаймын. Өз қателігімнен сабақ алып, Қазақстандағы жағдай өзгермесе, әрине. Бұл менің өз ойым» деді Элизабеттің анасы.

Серіктес жаңалықтары