"Қазіргі уақытта мен тек карьерама және титул үшін қайта күресу мүмкіндігін іздеуге көңіл бөліп жүрмін. Геннадий Головкин, Риота Мурата, кіші Крис Юбенка немесе басқа біреуге қарсы болсын, мен титулдық жекпе-жегімді іздеуде бәрін тастауға дайынмын. Маған көрме жекпе-жектің керегі жоқ. Мен нағыз белбеу жеңгім келеді", - деді Мартинес.
Аргентиналық боксшы кезекті жеңісінен кейін Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты

Аргентиналық боксшы кезекті жеңісінен кейін Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты
Аты аңызға айналған орта салмақтағы боксшы 46 жастағы аргентиналық Серхио Мартинес ұлыбританиялық Брайан Роузды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Жекпе-жек Мадридте (Испания) өтті. Барлық он раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті бірауыз шешіммен (97-94, 96-94 және 96-94) Мартинеске берді.