Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың денесі табылды

Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол 19 қыркүйек күні сағат 11.00-де үйден шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Полицияға анасы арыз берген.

«Соңғы рет қызды Бараев көшесіндегі көпірден көрген. Іздеуге сүңгуірлер тобын тарту туралы шешім қабылданды», – деп түсіндірді құқық қорғау органдары.

22 қыркүйек күні сағат 11.20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел-құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапты.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп толықтырды полиция.

Back to top button