1991
Баласын балтамен ұрып өлтірген қылмыскер соттан өзін атып тастауды өтінді
Баласын балтамен ұрып өлтірген қылмыскер соттан өзін атып тастауды өтінді
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз баласын басынан 11 рет балтамен ұрған қылмыскердің ісін қарады, деп хабарлайды “Тобол Инфо”.
73 жастағы Владислав Греков алдын ала тыңдауда кінәсін мойындап, істі тезірек қарауды өтінген. Айыптау қорытындысына сәйкес, 73 жастағы Владислав Греков 30 жастағы ұлы Василий Скиданенконы басынан 11 рет балтамен ұрған."Сол күні кешке күзетші болып жұмыс істейтін Грековтен ақша сұрап ұлы Скиданенко келді. Ер адам оған ақша беруден бас тартып, кетуін өтінген", – деп прокурор Нино Капанадзе айыптау актісін оқыды.Алайда Василий әкесінің талабын ескерместен өзімен бірге әкелген бір бөтелке сырасын ішіп, еденде ұйықтап қалады. Таңертең Греков тұрып, Скиданенконы оята бастаған. Өйткені ол уақытта жұмысқа қызметкерлер келе бастайтын.
“Ұлы әкесінің өтінішін ескермей агрессия көрсетіп, балағат сөздерін айтқан. Тіпті физикалық күш қолданатынын айтып қорқытқан. Нәтижесінде, Владислав Греков балтаны алып, баласының басынан 11 рет ұрған. Бас миының ашық жарақаты және ми затының мылжалануы Василий Скиданенконың тез өліміне себеп болды", – деп жазылған айыптау актісінде.Сотталушы айыптаумен келісіп, кінәсін толық мойындады. Сотқа "Қарсылық білдірмеймін, мені атып тастаңыздар!" деп жүгінгі.
"Атып тастаңыздар! Бұл жалғанда бітіретін ештеңем қалмады", – деп кейін Владислав тағы бір рет қайталады.Басты сот талқылауы 29 қыркүйекке белгіленген.
А.Шахмардан