8 адам қаза тауып, 24 адам зардап шекті: Пермь университетінде атыс болды

8 адам қаза тауып, 24 адам зардап шекті: Пермь университетінде атыс болды

8 адам қаза тауып, 24 адам зардап шекті: Пермь университетінде атыс болды
ашық дереккөзі
3223

Пермь университетінде атыс болды, деп хабарлайды РИА НОВОСТИ.

Пермь мемлекеттік университетіндегі атыс салдарынан 8 адам қаза болды, 20-дан астам адам жарақат алған.
"20 қыркүйекте студент Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің корпусы аумағында айналасындағыларға оқ жаудырды. Нәтижесінде 8 адам қайтыс болды, бірнеше адам зардап шекті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер нақтыланып жатыр", – деп жазылған хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты растап, 24 адам зардап шеккенін мәлімдеді. Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мен Ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальковқа шұғыл түрде Пермьге жетуді тапсырды. Оқ атқан адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында осыған ұқсас оқиға Қазан қаласындағы мектептердің бірінде болған еді.  

Серіктес жаңалықтары