50249
Жолға жауапты 135 лауазым иесі жазаланды
Жолға жауапты 135 лауазым иесі жазаланды
Қостанай облысында жолға жауапты 135 лауазым иесі қызметтік міндетіне салғыттығы үшін жазаланды.
Polisia.kz. сайтының хабарлауынша, Әкімшілік полицияның жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, 1 қыркүйектен бастап жол және техникалық инспекция қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп автожолдарды күзгі кешенді тексеруді жүргізуде.
Мәселен, жол және техникалық инспекция қызметкерлері “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” РМК Қостанай облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп, Қостанай облысының аумағы бойынша өтетін республикалық маңызы бар: М-36 “РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы”, А-21 “Мамлютка-Қостанай”, А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолдарына тексеру жүргізді. Тексеру барысында мынадай кемшіліктер анықталды: жол белгілері болған жоқ, жол жиектерін бейіндеу бойынша жұмыстар жүргізілмеген, асфальтбетон жабынының айтарлықтай бұзылған аумақтары болды, жол белгілері стандарт талаптарына сәйкес келмеді.
Тексеру нәтижелері бойынша “Қазақавтожол” ЖШС ҚОФ мердігерлік ұйымының директоры ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі (Жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелері мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген өзге де талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2021 жылдың сегіз айында жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 5 миллион теңгеден астам сомаға 135 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.