«Мұны мүфтиятқа қарсы жасалып жатқан ашық кибербуллинг деуге болады» – наиб мүфти Ершат Оңғар

«Мұны мүфтиятқа қарсы жасалып жатқан ашық кибербуллинг деуге болады» – наиб мүфти Ершат Оңғар

«Мұны мүфтиятқа қарсы жасалып жатқан ашық кибербуллинг деуге болады» – наиб мүфти Ершат Оңғар
ашық дереккөзі
50606
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, белгілі дінтанушы Ершат Оңғар өзінің Facebook-тегі парақшасында соңғы кезде өзіне қатысты айтылып жатқан айыптаулар мен мүфтиятқа байланысты негізсіз күйе жағулар туралы пікір білдірді. «Өкінішке қарай, кейінгі кездері әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын, Бас мүфти бастаған дін қызметкерлерін қаралаған, ақиқаттан алыс, негізсіз жазбалар жарияланып жатыр. Мұны мүфтиятқа қарсы жасалып жатқан ашық кибербуллинг деуге болады. Күйе жағушылар мені де айналып өтпепті. Kznews.kz деген порталда Тұрарбек Құсайынов есімді адам «Ол Египетте оқып жүрген кезде хабашиттер дейтін шафиит мәзхабындағы сопылық бағытты ұстанатын ағым өкілдерінің ықпалына түсіп кеткен. Хабашит ағымының негізін қалаған Абдолла әл-Харариді пір тұтқан» деп мені негізсіз айыптап, ар-намысыма тиетін жазба жариялады.
Бұл маған жабылған жала екенін мәлімдеймін. Менің хабашиттерге де, ол ағымның негізін қалаған Абдолла әл-Харариге де ешқандай қатысым жоқ. Ол адамды пір тұтқан да емеспін. Жалпы біреуді пір тұтып, пірге қол тапсырған жан емеспін. Хабашиттердің ықпалына түспедім, оларды қолдаған емеспін және қолдамаймын да. Себебі такфирлік (біреуді күпірлікке шығару) идеяға негізделген хабашиттік ағым еліміз үшін жат. Ол ағымды ешқашан насихаттаған емеспін.
Исламтанушы, теолог ретінде көптеген діни ағымды зерттеп, сараптап, талдап жүргенімді көпшілігіңіз білесіздер. Зерттеу мақсатымен көптеген лекцияларға қатысып, түрлі авторлардың кітаптарын оқыдым. Қазіргі уақытта да түрлі кітаптарды оқуға тура келеді. Себебі ол менің исламтанушы ретіндегі міндетім. Сондай кітаптарды зерттеу арқылы сараптамалық-талдау жасап, біліктілігімді арттырып келемін. Егер қандай да бір жат ағым өкілінің лекциясын тыңдамасаң немесе кітабын оқымасаң, ол ағымның жат, қате ілім екеніне қалай көз жеткізуге болады? Мысалы, Тақиуддин ән-Набаһанидің «Әш-шахсияту әл-исламия» кітабын оқымасам, «Хизбут-тахрир» (ҚР аумағында тыйым салынған) ағымы идеологиясының теріс тұстарын қайдан білемін? Сол сияқты хабашит ағымының елімізге жат екенін білу үшін сол ағымның негізін қалаушы Абдолла әл-Хараридің еңбектерін оқуыма, оның артынан ерген идеологтарының лекцияларын тыңдауыма тура келеді. Соны алға тартып мені хабашиттердің ықпалына түсті деп айыптау негізсіз. Жоғарыдағы жазбада менің діни білім деңгейім мен дипломдарымды сынға алған екен. Дипломдарымның барлығы тиісті заңды тексерілуден толық өткен. Ал діни білімімнің деңгейіне еліміздің беделді ғалымдары мен әріптестерім куә. Алла Тағала Құранның «Жүсіп» сүресінің 76-аятында: «Әрбір білім иесінен де асқан ғалым (Алла) бар» дей келіп, өзім білімдімін деп мақтанған адамнан асқан басқа бір білімді табылатынын және Өзінің шексіз, әзәли білім иесі екенін ескертеді» делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары