50276
Вакцина салдырмаған үш мың медицина қызметкері жұмыссыз қалды
Вакцина салдырмаған үш мың медицина қызметкері жұмыссыз қалды
Францияда үш мыңға жуық медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді. Олардың барлығы бір себеппен – коронавирусқа қарсы вакциналанбағандары үшін шығарылды. Бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Үкіметтің дәрігерлер үшін міндетті екпе жасау туралы өкімі бірнеше апта бұрын белгілі болған. Алайда көпшілік биліктің сөзден іске көшетініне толық сенбеді. Кәсіподақтар кадр тапшылығы мәселесін айтуда. Билік жағдай бақылауда деп сендіреді. Бірақ кейбір ауруханаларда шұғыл шаралар қабылдауға тура келді. «Біз бөлімшелердің секцияларын жабамыз, штаттан тыс қызметкерлерді тартамыз, медицина қызметкерлерінен артық жұмыс істеуді сұраймыз», - деді жергілікті емханалардың бірінің өкілі. Үш мың медицина қызметкерінің келісімшартын уақытша тоқтату – бұл жалпы Еуропа үшін бұрын-соңды болмаған жағдай.