Ұялы телефонды басқа жақын қою қауіпті болуы мүмкін, дейді "Өмір сүру кеңістігінің экологиясы" зертханасының директоры Антон Ястребцев.
Ғалымдар гаджеттің сәулеленуі адам ағзасына қалай әсер ететінін әлі нақты айта алмайды. Бірақ сарапшылар телефонды адам өзінен кемінде жарты метр қашық қоюы керек екенін айтады, деп хабарлайды "Вечерняя Москва".
Сонымен қатар, сарапшының сөзінше телефонды ұйықтар кезде жастықтың астына қоймау керек. Бұл кеңес әсіресе ауыл тұрғындары үшін өте маңызды, өйткені базалық станциядан алыстаған сайын телефоннан бөлінетін сәуле әлдеқайда күшті болады екен. Түнде телефонды мүлдем өшірген дұрыс.
Оған қоса, гаджет кардиостимуляторы бар адамдарға зиян тигізуі мүмкін.