Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" қозғалысының басшылары арасында үлкен дау шықты, деп хабарлайды BBC.
Президент сарайында өткен кездесуде "Талибанның" негізін қалаушылардың бірі вице-премьер Абдул Ғани Барадар министр Халил Рахман Хакканимен сөзге келіп қалды.
Дауға екі шенеуніктің жақтастары да араласты. Қақтығыс тәліптердің билікке келуі кімнің арқасы деген мәселеден туындаған. Барадар билікке келу жолында келіссөз жасағандарын алға тартса, "Хаккани желісі" тобының мүшелері барлығы өздерінің әскери жетістіктерінің жемісі деп есептейді.