Ташкентте танымал дзюдошыны төбелес кезінде пышақтап кеткен

Ташкентте танымал дзюдошыны төбелес кезінде пышақтап кеткен

Ташкентте танымал дзюдошыны төбелес кезінде пышақтап кеткен
ашық дереккөзі
Өзбекстанға танымал дзюдошы Камолиддин Расуловты Ташкентте төбелес кезінде пышақтап кеткен. Бұл туралы uznews.uz сайты хабарлайды. Белгілі болғандай, Расулов жақын танысына Humo Trop дәруменін ішіп көруге кеңес берген. 13 қыркүйек күні Расуловпен кездескен әлгі танысы оған сол дәруменді ішкеннен кейін денсаулығы сыр бергенін, дәрігерлердің айтуынша айықпас дертке шалдыққанын айтып, ренішін білдірген. Кездесудің арты төбелеске ұласып, ақырында танысы Расуловты бірнеше рет пышақтап, оқиға орнынан қаша жөнелген. Спортшы сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. 29 жастағы Расулов – самбодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, ұлттық күрестен ел чемпионы, дзюдодан 2019 жылғы Гран-при байқауының күміс жүлдегері.