Түркістан облысында 22 адамнан тұратын отбасы халық санағына қатысты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Ведомствода хабарлағандай, көпбалалы отбасы Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында тұрады."Менің жеті балам бар: төрт ұл, үш қыз. Қазір үйде 22 адам. Барлық отандастарымызды санақтан онлайн өтуге шақырамыз", - деді Абдулаким Абдазимов.Ақсақалмен бір үйде балалары және 12 немересі тұрады екен.