Президент Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 7 азаматты "Айбын" орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 7 азаматты "Айбын" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Қаулы мәтіні:
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
| І дәрежелі «Айбын» орденімен |
| Әлімбеков Саят
Жанатұлы
(марқұм) |
– |
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
|
| Заикин Сергей
Владимирович
(марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
|
| Қырғызәлиев Ерлан
Рысқұлбекұлы
(марқұм) |
– |
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;
|
| ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен |
| Әділбек Әділет
Қанатбекұлы
(марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
|
| Кеңес Әліби
Бексұлтанұлы
(марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
|
| Қуатбек Ғафан
Жомартұлы
(марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері
|
| Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы
(марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 қыркүйек
№ 660