Жамбыл облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Жамбыл облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Жамбыл облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды
ашық дереккөзі
2399

Жамбыл облысының полицейлері заңсыз алтын өндіргендерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйекте Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан "Қаракөз" жер учаскесінде құрамында алтыны бар кен өндірумен айналысқан 9 жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов мәлімдеді. Қылмыстық топ өндірілген кенді Шу өзені ауданындағы фазендаға тасымалдағаны анықталды. Тінту кезінде заңсыз орнатылған екі ұсақтағыш пен құрамында алтыны бар кенді өңдейтін құмды тазалауға арналған екі аппарат, сондай-ақ 10 тонна көлемінде кен тәркіленді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. https://youtu.be/d1QR5qjq3c8

Серіктес жаңалықтары