Ақтауда такси жүргізушісі халыққа тегін қызмет көрсетіп жүр

Ақтауда такси жүргізушісі халыққа тегін қызмет көрсетіп жүр

Ақтауда такси жүргізушісі халыққа тегін қызмет көрсетіп жүр
ашық дереккөзі
561

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарын тегін таситын ақтаулық таксист туралы видео тарап жатыр. ⠀

«Таңертең шығып, бір-бір жарым сағат таксист боламын, кешке жұмыстан кейін сағат 9-дан 12-ге дейін адамдарды тегін тасимын. Адамдармен сөйлескен маған тыныштық сыйлайды», — дейді ол. ⠀
Қуандық күнде 20 адамға дейін тегін тасиды. Олардың әрқайсысы таксиге 400 теңгедей үнемдейді. Ер адамның мұндай қайырымдылықпен айналысқанына бір айға жуық уақыт болған.
«Алғашында адамдар сенбеді. Қазір көбі менің көлігімнің нөмірін біледі, қуана-қуана тоқтатады. Егер мүмкіндігім болса, аптасына бір рет болсын адамдардың автобуста тегін жүруін ұйымдастырар едім», — дейді ақтаулық тұрғын.
42 жастағы Қуандықтың мамандығы инженер екен. Ол М. В. Ломоносов Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазір кішігірім көлік жөндеу орталығында тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Әйелі дүниеден өткен екен.
«Жанармайға ақша табамын. Адамдарға жақсылық жасаймын, көлік жөндеймін. Ал кешке адамдарды тегін тасып, көңілін көтеремін. Өз жұмысымды мақтан етемін. Кішкентай ғимарат болса да, адал еңбекпен келген. Өзім үшін нағыз сарай», — дейді ол.

Серіктес жаңалықтары