Жаңалықтар

СҚО-да астықты егістіктен заңсыз әкетпек болған 3 тұрғын ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Камазбен» астық ұрламақ болған 3 ауыл тұрғынын ұстады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушілер сол жерде, ал жүк көлігінің иесі келесі күні ұсталған.

Олар 10 тоннадан астам бидайды әкетпек болған. Шығын – 1,5 млн теңге. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 51, 42 және 26 жастағы Айыртау ауданының тұрғындары уақытша изоляторға қамалды, — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Back to top button