50312
Нұр-Сұлтанда кешкі жүгіруге шыққан әйелді зорламақ болды
Нұр-Сұлтанда кешкі жүгіруге шыққан әйелді зорламақ болды
Нұр-Сұлтанда кешкі жүгіруге шыққан әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды. Елордалық полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Сағат 19:34-те «102» арнасына жас жігіттің әйелді зорлауға тырысқаны және оның белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы хабарлама түскен. Мән-жайды тексеру барысында 42 жастағы әйелдің Б.Момышұлы көшесінің бойымен жүгіруге шыққаны және оның соңынан ерген күдікті ер адамды байқағаны анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, оның қолында екі пакет болған. Кейін белгілі болғандай, күдікті өз ойын іске асырғасын киімін ауыстырып, жасырынуды ойлаған. Қаскүнем алкогольді ішімдікке мас күйінде әйелді қуып жеткен және оны жерге құлатып, дөрекі күш қолданған. Көшедегі кездейсоқ жолаушылар әйелдің айқайын естіп, көмекке келген. Оларды көрген қылмыскер қашып үлгерген. «102» арнасына ақпарат келіп түскен соң, қаскүнемді ұстауға полиция департаментінің жеке құрамы жіберілді және күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол тұрақты жұмысы жоқ, 20 жастағы жігіт болып шықты. Әйел оны таныды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.