Қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай Дубайда (БАӘ) өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы жеке парақшасында хабарланады. 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Елнұр финалда Үндістан боксшысы Ваншаджбты 5-0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атағын иеленді. Естеріңізге сала кетейік, бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Азия чемионатында 12 медаль ұтып алған болатын: сегіз алтын, екі күміс және екі қола. Осылайша, олар жалпыкомандалық есепте топ жарды. Үздік үштікті Өзбекстан мен Үндістан құрамасы түйіндеді.
Жүктелуде...