"Қазпошта" басшысы өз еркімен қызметінен кетті

"Қазпошта" басшысы өз еркімен қызметінен кетті

"Қазпошта" басшысы өз еркімен қызметінен кетті
ашық дереккөзі
50258
27 тамызда "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасы "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың өз уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарап, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқаруды Серік Саудабаевқа жүктеу туралы шешім қабылдады.  Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ ресми сайтында хабарланды.  Серік Саудабаев 1977 жылы туған. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар. 2010 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның "Қазақтелеком" және "Қазпошта" сияқты активтеріне жауапты салалық дирекциясын басқарды. 2010 - 2014 ж.ж. аралығында және 2016 жылдан осы уақытқа дейін Серік Саудабаев "Қазпошта" АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар, Серік Саудабаев "Қазақтелеком" АҚ мен " Kcell" АҚ директорлар Кеңесінде акционер мүддесінің өкілі және "QazCloud" ЖШС Бақылаушылар кеңесінің мүшесі.

Серіктес жаңалықтары