Әскерилердің тамақтану рационы ұлттық тағамдармен толығады

Әскери қызметкерлердің тамақтануын ары қарай жақсарту бағытында Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе ұлттық дастарханның ерекшелігін ескере отырып, азық-түлік нормаларын жетілдіру жұмысы жүргізілуде.

Осы орайда әскерилердің тамақтану рационына қосымша жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз етін және түрлі балық еттерімен толықтыру жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, құрт, қымыз, шұбат сияқты дәстүрлі тағамдар мен сусындарды енгізу қарастырылған. Осы арқылы тамақтану құрамын жақсартамыз», – деді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстары департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев.

Back to top button