Талибан Кабулдан эвакуациялауды 31 тамызға дейін аяқтауды талап етті

Талибан қозғалысының өкілі Забибулла Муджахид Ауғанстаннан эвакуациялау процесі 31 тамызға дейін аяқталуы тиіс екенін мәлімдеді.

АҚШ-пен жасалған келісім бойынша, аталған мерзімге дейін елден соңғы американдық сарбаз кетуі тиіс, – деп жазды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Кабулда өткен баспасөз мәслихатында тәліптердің өкілі бұл мерзім ауыстырылмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Ауғанстандағы жағдай қалыпқа келе жатыр, алайда Кабул әуежайындағы аласапыран ел үшін проблема болып отыр.

Муджахид Кабулда АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернстің Талибан қозғалысының көшбасшысының бірі Мулла Әбдулғани Бирадермен кездесуі жайында еш ақпаратты білмейтінін атап өтті.

Сурет: Анадолы агенттігі

Back to top button