80 бала оқитын мектеп пен 1 200 бала білім алатын мектеп директорының жалақысы бірдей – Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрлігі мектептің жобалық қуаттылығына байланысты лауазымдық жалақыны дифференциялауды енгізуді жоспарлап отыр.

Білім және ғылым министрлігі мектептің жобалық қуаттылығына байланысты лауазымдық жалақыны дифференциялауды енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы министр фейсбук парақшасына жазды.

– Бір ауданда орналасқан екі мектеп, бірдей бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, бюджеті, мүмкіндіктері мен инфрақұрылымы да бірдей көрші тұрған қос білім ордасы екі бөлек нәтиже көрсететін жағдайлар кездеседі. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, мұндай айырмашылық көбінесе мектеп басшысына байланысты. Өйткені тек мықты директор ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін ұйымшыл ұжым қалыптастыра алады. Мұндай директор жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-аналар, оқушылар және білім беруқұрылымдарымен ашық жұмыс істейді. Сонымен бірге қызметкерлерді жігерлендіріп, тек жетекші болып емес, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы да бола біледі. Басшыларға еңбекақы төлеу жүйесінде бұрын-соңды ынталандырушы факторлар болған жоқ. Көшбасшының жалақысы оның тиімді немесе тиімсіз болуына байланыссыз бірдей болатын. Сонымен қатар мектепте 80 бала оқитын білім ордасының директоры мен 1200 бала білім алатын мектеп директоры бірдей жалақы алады, – деп жазды министр.

 

Back to top button