Балқашта тексерушілер тойды тоқтату үшін мейрамханаға терезеден кірген (видео)

Балқаштағы мейрамханалардың бірінде жүз адам жиналған үйлену тойы өтіп жатқаны анықталды.

Мейрамхана әкімшілігі тексерушілерге есік ашпаған, олар арнайы қызметкерлерді шақыртып, ғимаратқа терезе арқылы кіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Айлин» мейрамханасында карантин ережелері бұзылғаны туралы ақпарат түсіп, мобильді топ көрсетілген мекен-жайға барып, мейрамханада шынымен де халықтың көп шоғырланғанын анықтаған. Алайда мекеме иесі мобильді топқа есік ашпады. Ішке кіру үшін тексерушілер терезені ашып, ғимаратқа кіруге көмектескен жергілікті ТЖБ қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды.

Барлық қонақ түсініктеме жазды. Айыппұл мекеме иесіне және іс-шараны ұйымдастырушыға ғана емес, сонымен қатар қонақтарға да салынуы мүмкін. Материалдар Балқаш қаласының санэпидбақылау мемлекеттік мекемесіне жіберілді, – деп хабарлады Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство соңғы уақытта Балқашта індет жұқтырғандар саны артып келе жатқанын атап өтті. Өткен айда қаланың 13 тұрғыны коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады департамент.

Back to top button