Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізген бе?

Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізген бе?

Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізген бе?
ашық дереккөзі
51176
Белгілі заңгер Абзал Құспан "Тұрсынбек Қабатовтан көңілім қалды" дейді.  Заңгердің айтуынша, ол Тұрсынбек Қабатовтың ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізгені туралы сенімді ақпарат алған. Бұл туралы Абзал Құспан Facebook-тегі парақшасында жазды.  "Кеше ҰБТ/ЕНТ қорытындысы шыққасын, әзірге өзіме ғана белгілі мына бір хабарламамен бөліскім келеді. Бұны маған жолдаған источник - жеке өзім танитын 100% сенімді адам. Стилистикасы сақталады. Істің номері, астанадағы қай аудандық полиция тергеді, т.б., мән-жайлар туралы қолым босағанда, қосымша жазатын боламын" деп жазды Абзал Құспан. Заңгердің әлеуметтік желіде жазған мәліметіне сенсек, аталған заңбұзушылық бойынша, қылмыстық іс қозғалыпты.  width= “13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып , төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр”.  width=  

Серіктес жаңалықтары