50225
Олимпиада жүлдегері мемлекет тарапынан алатын сыйақыны мұқтаж отбасыларға бөліп беретінін айтты
Олимпиада жүлдегері мемлекет тарапынан алатын сыйақыны мұқтаж отбасыларға бөліп беретінін айтты
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев мемлекет тарапынан берілетін қомақты сыйақыны мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақ. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!», - деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.
View this post on Instagram