50219
Токио Олимпиадасында үздік боксшыға неге Вэл Баркер кубогі берілмегені белгілі болды
Токио Олимпиадасында үздік боксшыға неге Вэл Баркер кубогі берілмегені белгілі болды
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиода өткен Олимпиада ойындарында үздік боксшыға не үшін Вэл Баркер кубогі берілмегенін айтты.
Негізі бұл кубокті Халықаралық бокс федерациясы беретін еді. Бірақ 2019 жылы AIBA ХОК-тың сенімінен шыққан. Сол үшін де Токиодағы бокс турнирін ХОК-тың өзі ұйымдастырған.
«Вэл Баркер кубогін AIBA береді. Ал Токиодағы бокс турнирін ХОК ұйымдастырды. Ал ХОК Вэл Баркер не басқа жүлделерді берумен айналыспайды», - деп келтіреді ХОК баспасөз қызметкерінің сөзін РИА Новости.
Еске салайық, әр жылдары қазақстандық Серік Сәпиев (2012), Бақтияр Артаев (2004) және Василий Жиров (1996) секілді боксшылар алған. Ал биыл бұл жүлде ешкімге берілмеді.