Жаңалықтар

Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.

Қызылорда облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, күдікті жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап, оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналы.

Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайды.

Back to top button