Жаңалықтар

Еврейлердің діни жиыны өткен Rixos қонақүйіне ешқандай шара қолданылмаған: Сағынтаев Бекшиннен себебін сұрады

«Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының эфирінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен карантин ережесін сақтамаған Rixos қонақ үйіне айыппұл салу неге кешіктіріліп жатқанын сұрады.

Бекшин Rixos қонақ үйінің әкімшілігіне жаппай шара өткізгені үшін айыппұл мониторинг тобының дәлелдерін ұсынғаннан кейін салынатынын айтты.

«Алгоритм бойынша мониторинг топтары бізге рапорттар мен барлық растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Растайтын құжаттар келіп түскеннен кейін, әрине, біз қонақ үйге айыппұл саламыз», – деді Бекшин.

Алайда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әріптесін тоқтатып, барлық дәлелдемелер, атап айтқанда фотосуреттер БАҚ-та жарияланғанын атап өтті. Бұған бас санитарлық дәрігер жұмыс алгоритміне сәйкес қонақ үй әкімшілігінің түсіндірме құжаттары қажет деп жауап берді.

«Факт анық. Онда тағы не дәлелдеу керек? Барлығы біледі», – деді Сағынтаев.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Rixos Алматы қонақ үйінің банкет залында өткен Орталық синагоганың жаппай іс-шарасынан фотосуреттер жарияланған болатын. РСК брифингіндегі оны Жандарбек Бекшиннің өзі растаған еді.

Back to top button