Жаңалықтар

Белгілі кәсіпкер екі аяғынан айырылған қызды жұмысқа алды

Самал Смаханқызы 10 жасында екі аяғынан айырылған.

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзі басқаратын холдингіне екі аяғынан айырылып, мүгедектік мәртебесін алған қызды жұмысқа алды. Бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жазды.

 

– Самалмен таныс болыңыздар! 10 жасында екі аяғынан айырылды. Бала күнінен буллингке тап болса да, мойыған жоқ. Аяқсыз өмір сүруді түсіну үшін данышпан болу қажет емес. Самал ешқашан үміт үзбеді. Қатарластары да оның ерекше қажеттілігі бар тұлға екенінен бейхабар болды. Достарының алды болып, барлық іс-шараға атсалысты. Көп уақытқа дейін аяғының жоқ екенін жасырды. Алайда, уақыт өте келе өзінің басындағы жағдайды өзгеге түсіндіру үшін қоғамнан жасыру мүмкін болмады.

Бүгіннен бастап Самал біздің холдингте SMM менеджері болып жұмыс істейді. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар тұтынушыларға да қызмет көрсететін болады, – деп жазды кәсіпкер.

225903526 267055741890346 5093174636026914985 n

Ал Самал былай деді:

– Достар, Қайрат аға секілді мотиватормен танысамын деп ойламадым. Ол кісі өте қарапайым екен. Өзінің ақылын айтып, менің болашағыма бағыт-бағдар берді. Мен қатты қуаныштымын! Ал енді Қайрат ағамен жұмыс істеп, әріптес боламын. Бұл – басқа адамдарға көмек беруге деген армандарымның алғашқы қадамы, – деді.

 

Back to top button