Жаңалықтар

Алматыда тауға шыққан туристің жүрегі тоқтап қалды

Алматыда тауға көтерілген ер адам жүрек талмасынан мерт болды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

«7 тамыз күні сағат 11:15-де «109» төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары Медеу ауданына («Көкжайлаудан» 200 метр төмен) жүрек ұстамасы болған 61 жастағы туристке көмек көрсету үшін шақыртуға шықты. 1740 метр биікке шығудың қиындығына қарамастан, сағат 12:30-да құтқарушылар оқиға орнына жетті. Құтқарушылар 1960 жылы туған ер адамның тыныс алмай жатқанын анықтады. Сағат 15:52-де құтқарушылар ер кісінің денесін түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды», – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, араға бірер сағат өткен соң тағы бірнеше адамның жоғалғаны туралы хабар жеткен.

«18:35-те ТЖД пультіне Бостандық ауданында 16-21 жас аралығындағы 4 адам, яғни қыз-келіншектердің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 5 адам және 1 техника бар құтқару қызметі олардың мекенін анықтады. Олар Алмаарасан шатқалыдағы жолда жоғалған адамдармен байланысқа шықты. 19:50-де құтқарушылар жоғалғандарды қарсы алып, бекетке дейін аман есен өткізіп жіберді. Жоғалған қыз-келіншектерге медициналық көмек қажет болмады», – деп хабарлайды ТЖД.

Осы орайда Алматы қаласының ТЖД туристерден таулы аймаққа шыққан кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды . Таудағы қарапайым жүріс-тұрыс ережелері:

1. Тауға барарда өз күшіңізді бағытқа байланысты дұрыс есептеңіз. Дайындық деңгейі бойынша бағытты таңдаңыз.

2. Тауға барар алдында жақындарыңызға нақты бағытты айтыңыз. Туыстарыңыз сізді қайда іздеу керектігін білуі керек.

3. Тауларда соқпақтан шықпаңыз. Жолды қысқартуға тырыспаңыз.

4. Егер бағыт бойынша көтірілу қиындаған жағдайда, артқа қарай төмен түсіңіз. Ең бастысы-оралу. Құтқару қызметінің нөмірі-109 екенін еске саламыз.

Back to top button