Елордада белгісіз ер адамның бала ұрламақ болған әрекеті бейнебақылауға түсіп қалды

Елордада белгісіз ер адамның бала ұрламақ болған әрекеті бейнебақылауға түсіп қалды

Елордада белгісіз ер адамның бала ұрламақ болған әрекеті бейнебақылауға түсіп қалды
ашық дереккөзі
50196
Елордада белгісіз ер адам арбада отырған баланы анасынан тартып алып кетпек болды. Осы оқиғаның бейнебақылау камерасына түсірілген видеосы таралды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті. Бейнебақылау камерасындағы кадрлардан ер адамның әйелге жақындап, оның баласын арбадан қалай шығарып алғанын көруге болады. Кейін анасы бөгде кісінің қолындағы баласына жармасады. Сол сәтте жаяу жүргіншілер әйелге көмекке келеді, ал ер адам қашып кетеді. Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Сенбі, 7 тамыз күні Әбікен Бектұров көшесіндегі дүкеннің алдында белгісіз біреу 1,5 жасар баланы ұрлауға тырысқаны туралы хабарлама түсті. Баланы алып қалуға сол маңдағы жаяу жүргіншілер көмектескен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, тәртіп сақшылары Ақмола облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ұсталған адамның ескірткі қолғаны анықталды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - деді аталған ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары