50182
500 адамға той жасаған лауазымды шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін
500 адамға той жасаған лауазымды шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін
Қарағанды облысының әкімдігі карантин шектеуін сақтамай, той жасаған шенеунікке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталған мемлекеттік қызметшіге қатысты арнайы тексеру тағайындалады, карантин шектеуі сақтамау фактісі расталған жағдайда, атқаратын лауазымынан босатуға дейінгі ең қатаң шара қабылданады. Сондай-ақ, санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты іс-шара тоқтатылғанын, ұйымдастырушыларға әкімшілік айыппұл салынатынын хабарлаймын»,- деді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Еске сала кетейік, кеше 7 тамызда Қарағандыдағы мейрамхананың бірінде жоғары лауазымды шенеунік 500 адам шақырып, қыз ұзату рәсімін ұйымдастырған. Мобильді топ тойды тоқтатты .
«Барлық азаматтарға аурушаңдықтың өсу кезеңінде барлық санитарлық шараларды сақтау қажеттігін ескертеміз. Кемшіліктің алды.н алу үшін жауапты мемлекеттік органдар жұмыс орны мен лауазымына қарамастан оларға қатаң шара қолданады», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.