Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысы бар тағы 22 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы жарыс ұйымдастырушылары хабарлады. Олардың мәліметіне сәйкес, вирус жұқтырғандардың арасында спортшылар жоқ. Осылайша, Олимпиадада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 409-ға жетіп отыр. Айта кетейік, соңғы уақытта Жапонияда коронавирус төңірегіндегі ахуал өте күрделі. Осы аптада бір тәулікте 15 мыңнан астам адам қауіпті инфекцияға шалдыққан. Ал Токиода бірнеше күн қатарынан 4 мыңнан астам тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталды. Дерттің дендеуіне байланысты жапон билігі Токиода төтенше жағдай режимін ұзартты. Ол тамыздың 31-іне дейін жалғасады.
Жүктелуде...