Ақтауда букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасағандар анықталды

Ақтауда букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасағандар анықталды

Ақтауда букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасағандар анықталды
ашық дереккөзі
Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 22 шілдесі күні Ақтау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне “LOTO-CLUB” букмекерлік кеңсесіне белгісіз екі адамның қарақшылық шабуыл жасағандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Қаскүнемдер күзетші мен касса қызметкерін пышақпен қорқытып, кассадан 1 150 000 теңге ақша қаражатын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталғандарға қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.