545
Ақтөбеде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді
Ақтөбеде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

Ақтөбеде бір тәулікте 302 адамнан коронавирус инфикциясы анықталды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген антирекорд болып тұр.
Бір тәулікте 302 адамның ПТР сынамасы оң мән көрсетіп, науқастар дәрігер көмегіне жүгінді. Оның 244-і дерттің симптомды түріне шалдыққан. Көбі Ақтөбе қаласында. Барлық ауданда да ауырып, ауруханаға түскендер бар.
«Аурушаңдықтың өсу деңгейі 1,9% құрады. Жалпы облыста бүгінге дейін 16 196 адамның вирус жұқтырғаны ПТР сынама арқылы расталса, оның 77,5% жазылды. Қазіргі таңда үй карантиніне 6053 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, өңірде 2-тамыздан бастап карантин шектеуі күшейеді. Сенбі-жексенбі күндері базарлар мен сауда орындары, монша, сауна секілді бірқатар қызмет көрсету орны жабылады.