«Қазақстан мұғалімі»: жеңімпазға қанша сыйақы беріледі

«Қазақстан мұғалімі»: жеңімпазға қанша сыйақы беріледі

«Қазақстан мұғалімі»: жеңімпазға қанша сыйақы беріледі
ашық дереккөзі
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына кез келген педагог өз бетімен өтінім жібере алады. Ол үшін мектеп басшылығы мен салаға жауап беретін ведомствоның ұсынымы қажет емес. Бұл туралы «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» жеке қорының директоры Ермек Мәжитов орталық коммуникациялар қызметінде айтты. «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы – мұғалімдерге арналған Нобель сыйлығының баламасы. Жүлде қоры – 1 млн доллар. 2019 жылы «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту» қорының құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызының бастамасы бойынша осы жаһандық конкурсты ұйымдастырушы Varkey қорымен меморандумға қол қойылған болатын. Соның аясында «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын іске асыру бастамасы көтерілген еді», - деп бастады қор жетекшісі. Оның айтуынша, биыл үшінші рет өтетін конкурстың мақсаты – педагог еңбегінің беделін, педагог мәртебесін көтеру, мұғалімдерімізі халықаралық деңгейге шығару. «Біз мұғалімдеріміз әлемдік сыйлыққа қатысып, халықаралық деңгейде танылуға лайық деп есептейміз. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы осымен үшінші маусымда өтіп жатыр және құжаттардың қабылдау сәуір айында басталған, 15 тамызға дейін жалғасады. Жобаның басты ерекшелігі, оған кез келген мұғалім өз бетімен қатыса алады. Яғни білім беру мекемесі басшылығының, білім беру бөлімдері мен басқармаларының ұсынымы талап етілмейді. Байқау кезінде мұғалімдердің мектептегі кәсіби біліктілігінен бөлек қоғамдық өмірдегі белсенділігі, бет-бейнесі де ескеріледі», - деді Ермек Мәжитов. Ақтық сынға өтетін 10 номинатты 50 үздік мұғалімнен жасақталған тәуелсіз қазылар академиясы анықтайды. «Ақтық сынға 10 үздік ұстаз іріктеліп, 24 қыркүйекте Алматы қаласындағы марапаттау шарасына шақырылады. Олардың бәрі «Әлем мұғалімі-2022» сыйлығына қатысатын номинант атанады. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының амбассадоры, жеңімпаз «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту» қорының құрылайтышысынан 10 мың доллар көлемінде сыйлық алады. Ақтық сынға шыққан қалған 9 мұғалім бағалы сыйлықтарман марапатталады», - деді қордың директоры.