10944
Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екені анықталды
Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екені анықталды

Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйітті жағаға шығарды, – деп жазды ҚазАқпарат.
Белгісіз адамның мәйіті Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойына орналасқан көпір маңында табылған.
«Рейдтік шаралар өткізіп жүрген төтенше жағдайлар саласының мамандары өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысы қызметінің маманы Әлия Ережепова.
Кейіннен белгілі болғанындай, оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екендігі анықталды.