“Сайлансам, өз өмірімді жақсартамын” деген кандидат сайлауда жеңіске жетті

Сапар Барлыбаев сайлауда жеңіске жетіп, Ерейментау қаласының әкімі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік желіде Ерейментау қаласының әкімі болуға үміткер Сапар Барлыбаевтың видеосы тарап кеткен болатын. 

«Егер біз дұрыс таңдау жасасақ, маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсы жаққа өзгертуге тырысамын», – деген әкімнің сөзі әзілге айналды.

Кейіннен үміткер сөзінен жаңылысқанын жеткізді.

“Кез келген адам қателесуі мүмкін. Тіпті министрлер мен президенттер де сөзінен жаңылып қалып жатады. Біз БАҚ алдында сөйлеуге дағдыланбағанбыз. Мен қаланы көркейтіп, тұрғындардың өмірін жақсы жағына өзгертеміз деп айтқым келген. Сөйлемнің жалғасы болған. Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бастапқыда біртүрлі болдым, бірақ танымалдылығым артты. Мен ешқашан YouTube жұлдызы болмаын деп ойлаған емеспін”, – дейді Сапар Барлыбаев.

 

Back to top button