Токио-2020: Ағасы мен қарындасы бір күнде Олимпиада чемпионы атанды

Токио-2020: Ағасы мен қарындасы бір күнде Олимпиада чемпионы атанды

Токио-2020: Ағасы мен қарындасы бір күнде Олимпиада чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Токиода өтіп жатқан Жазғы олимпиада ойындарында ағайынды Ута мен Хифуми Абэ дзюдо спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Алдымен 52 келі салмақ дәрежесіне дейін әйелдер арасында белдескен Ута Абэ қарсыласы франциялық Амандин Бушардан айласын асырып, алтын жүлде иеленді. Көп ұзамай Утаның ағасы, 66 келі салмақ дәрежесінде күрескен Хифуми Абэ ақтық бәсекеде грузиялық Вашу Маргвелашвилиді жеңіп, алтын жүлдені еншіледі. Айта кетейік, ағайынды Ута мен Хифуми Абэлердің бір күнде жеңіс тұғырына көтерілуі бірінші рет емес. Бұған дейін 2018 жылы Әзербайжанда өткен әлем чемпионатында да екеуі алтын жүлде алған болатын.