Теміртауда өлімге апарып соқтырған балалардың төбелесі видеоға түсіп қалды

Теміртауда өлімге апарып соқтырған балалардың төбелесі бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілдеде ескі қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Теміртаудағы қалалық балалар ауруханасында 12 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, зардап шеккен бала қала үйлерінің бірінің ауласында 13 жастағы баламен ұрсысып қалған. Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, әлгі бала жарақат алған. Олардың төбелесі бейнежазбаға түсіп қалған және Instagram парақшаларының бірінде жарияланған. «Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Рустам Құлкеев.

Back to top button