Арал жұрты да таңертеңнен сайлауға асықты

Арал жұрты да таңертеңнен сайлауға асықты

Арал жұрты да таңертеңнен сайлауға асықты
ашық дереккөзі
418

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ауыл әкімдерін халық сайлауы өткізіліп отыр. Қызылорда облысының жеті аймағында ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде. Яғни, бүгін 40 ауылдық округтің әкімі сайланады. Соның ішінде Арал ауданында 12 ауылдық округ бойынша тұрғындар қалаған кандидаттарына дауыс беруде.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу бастамасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынды.Алғаш рет өтіп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауына халық белсенділік танытып, өздері қалаған кандитқа дауыс беруде.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Қазақ елі жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп келеді. Бұған дейін де талай сайлау өткен. Дегенмен бұл сайлаудың жөні мүлдем бөлек екенің ауыл жұрты ризашылықпен жеткізуде. Бұл жөнінде Арал ауданы №14 сайлау учаскесіне байқаушысы Төреғали Нетилдаев айты.

«Арал ауданы Райым ауылдық округінде жалпы сайлаушы – 379. Қазіргі таңда 252 сайлаушы дауыс берді. Барлық санитарлық талаптар сақталып, сайлау заңына сай жұмыс жүргізілуде. Райымжұртшылығы бұл сайлаудың маңыздылығын өте жақсы біледі, кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен толық танысты. Бүгінде сол айдынды Арал өлкесіндегі ауылдың жұрты өздері қалаған кандидатты ауылға әкім етіп сайлау мүмкіндігін алды. Бұл тұрғындар үшін қуанышты жаңалық екені жасырын емес. Сондықтан тұрғындарға өз таңдауын жасауға барлық мүмкіндік жасалған. Сайлау әділ өтіп жатқанынынакүмініміз жоқ. Оған халықтың белсенділігі дәлел болады, – деді «Nur Otan» партиясынан байқаушы Төреғали Мәстетбайұлы.

Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскескесінде дауыс беру өтіп жатыр. Оған 304 комиссия мүшесі тартылған. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы азаңғы сағат 06.00 де ашылып тиісті хаттамаларын жасады. Жергілікті уақыт сағат 07.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін комиссия мүшелері сайлаушыларға сайлау бюллетеньдерін береді. Ал сайлаушылардың келуі туралы алдын-ала ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.

Нұрсұлтан Алпысбайұлы

Серіктес жаңалықтары