“Аурудың кесірінен 4 рет жол апатына ұшырадым”: Медеу Арынбаев ешкім білмеген сырқаты туралы айтты

“Аурудың кесірінен 4 рет жол апатына ұшырадым”: Медеу Арынбаев ешкім білмеген сырқаты туралы айтты

“Аурудың кесірінен 4 рет жол апатына ұшырадым”: Медеу Арынбаев ешкім білмеген сырқаты туралы айтты
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Медеу Арынбаев «Еуразия» арнасына берген сұхбатында ешкім білмеген сырқаты туралы айтты. Ол жарты жыл бойы психотропты дәрі қабылдап, миға ауыр ота жасатқанын бұған дейін құпия сақтап келген.

Он сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, қазір әнші жылдар бойы қинап келген құрысу мен талма ауруларынан құлан таза жазылған.
«Түн ортасында жұмыстан шығып, жолға қарай келе жатқанымда шабуыл жасады. Ірі денелі қазақтың үш жігіті екен. Үстімдегі былғарыдан тігілген курткамды тартып алғысы келді. Сол төбелесте басымнан қатты соққы алдым. Ол кезде 25 жаста едім. Әлгі үш жігіт аямады. Соққының барлығы басыма тиді. Салдарынан ауруым асқынып, 7 жылдан кейін ес жоғалту, құрысу, талып қалумен жалғасты. Сахнада ән айтып тұрғанда, дастарқан басында, көлік жүргізіп келе жатқанда да талма ұстап, ес жоғалтып, құрысып қатып қалатынмын. Ауруымның кесірінен 4 рет жол апатына ұшырадым. Менің бір сақтаушы періштем бардай. Тірі қалдым. Отадан кейінгі екі жылда құрысу, талма ауыруларым тоқтады. Қазір шүкір жақсымын!»,-деді әнші.
Медеу Арынбаев отаға дайындылып жатқанда, жарты жыл психотропты дәрі қабылдауға мәжбүр болған. Соның салдарынан әншінің психикасы мен мінезі де өзгерген.
«Ол кісінің миында туғаннан түйін болған. Оның үстіне қосымша басынан қатты соққы алғаны бар. Ол өте қауіпті болды. Өйткені құрысу, талма ұстамалары жиі болатын еді. Отадан кейін ол кісі дәрі-дәрмек ішпейді. Жағдайы өте жақсы!», - деді әншінің дәрігері Меруерт Төреахмет.