809
Демалыс күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды
Демалыс күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды

City Transportation Systems көлік компаниясы демалыс күндеріндегі автобус қозғалысына қатысты мәлімет таратты.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Сенбі және жексенбі, 24-25 шілде күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды» деп ескертеді көлік компаниясы.
Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.