Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 шілдеде Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 22-23 шілдеде облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

21 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 41 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысында оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Back to top button