Нұр-Сұлтан тұрғыны Халыққа қызмет көрсету орталығы тегін қызметке ақы алғанын айтып наразылық білдірді

Нұр-Сұлтан тұрғыны Халыққа қызмет көрсету орталығында тегін қызметке ақы алғанын айтып наразылық білдірді. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының біріне барып, ЭЦҚ кілтін (электронды цифрлық қолтаңба) растатпақ болған.

Мен Ермек Серкебаев көшесі, 13 мекенжайдағы ХҚКО-ға бір апта бұрын алдын-ала жазылдым. ЭЦҚ кілтін растау қажет болды. Өтінім электронды түрде жасалды, тек растау керек. Мен жазылған уақыттан 20 минут бұрын келдім (15:00), Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері маған база жұмыс істемейді, ертең келіңіз деді. Бірақ ертең орын жоқ, жазылмасаңыз, қабылдамайды. Бір қызығы сол кезде  күзетші бірден маған бұл қызметті 2-ші қабатта, ақысын төлеп алуға болатынын айтты. Сөйтіп, ақшаға ЭЦҚ кілтін растаттым. Сонда бізде ЭЦҚ екі түрлі базада бола ма? База істемесе, ақылы түрде қала жасалады?, – дейді тұрғын жазбасында.

Жазбаға пікір қалдырған адамдар да осындай жағдай болғанын айтқан.

2021 07 20 16 23 58

Back to top button