50237
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 975 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 975 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы ақпарат белгілі болды.
17 шілдедегі мәлімет бойынша 52 895 адам коронавирус инфекциясынан (51 266 КВИ+ және 1 629 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде: - 16 862 пациент стационарда
- 36 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 975 адамның жағдайы ауыр
- 241 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 123 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.