Доллар бағасы үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

Доллар бағасы үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

Доллар бағасы үшінші күн қатарынан арзандап жатыр
ашық дереккөзі
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 13 шілде кешімен салыстырғанда 0,91 теңгеге арзандап, 1 доллар 425, 59 теңге болды. Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 51теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,76 теңге, сатып алу – 427,29 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,64 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 426,73 теңге.