1260
Президент стипендиясы қай оқу орындарына беріледі?
Президент стипендиясы қай оқу орындарына беріледі?
Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еліміз бойынша бөлінген Президент стипендиясының жиынтық саны – 926. Оның 919-ы студенттерге, жетеуі магистранттарға бөлінген.
Стипендия елдегі 35 оқу орнына үлестіріліп отыр. Олардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 105, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне – 100, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне – 75, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мелекеттік университетіне – 67, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне 55 стипендиядан берілген. Стиендиялардың толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.